Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№29 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ☑️1864 жылы 8 қаңтарда Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп ашты. Б
08
январь
2023

☑️1864 жылы 8 қаңтарда Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп ашты. Б

☑️1864 жылы 8 қаңтарда Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп ашты. Бұл жауапкершілігі жоғары іс болғандықтан, оны ашу оңайға соқпады. Мәселен, қаражат жеткіліксіз болды әрі облыстық басқарма мен жергілікті билік тарапынан қолдау болмады. Алайда аталмыш қиындықтар ағартушының сағын сындырмады. Ол ағартушылық идеялармен жігерленіп, халыққа зайырлы білімнің маңыздылығын түсіндіре отырып, ауылдарды аралады. Осылайша, тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Осы орайда Алтынсарин өзінің әйгілі "Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жарыққа шығарды. Кейін ол Қазақстанның басқа облыстарында, соның ішінде қыздарға арналған бірнеше мектеп ашуға мүмкіндік алды.