Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№29 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республика күні құтты болсын
25
октябрь
2022

Республика күні құтты болсын

Армысыздар, қазақ елі, құрметті ата-аналар, оқушылар! Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі Республика күнімен құттықтаймын! Тарихқа үңілер болсақ, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміз Тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасады. Бұл – тарихи және өте маңызды шешім болды. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталады. Болашақта бұл мереке тәуелсіздікті дәріптеп, нығайтуға септігін тигізеді деген сенім бар.
Құрметті, мектеп ұстаздары! Сіздерді осындай ұлы мерекемен құттықтай отырып, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Шәкірттеріңіз тек биіктерден көрінсін.
Қадірлі де ардақты, ата-аналар, мереке құтты болсын! Отбасыларыңызға береке-бірлік, тәрбиелеп отырған еліміздің болашағы - ұл-қыздарыңыз аман болсын, саналы, салиқалы ұрпақ болып өсе берсін.
Құрметті, оқушылар, бүгінгі мереке - Сіздерге рух сыйлап, елдігіміздің белгісін танытарлық ұлы күн! Сіздерге дана халқымыздың көрегендігін, ел мен жер үшін күрескен қажырлы қайратын, Отанға деген сүйіспеншілігін, тілге деген құрметін тілеймін. Осы қасиеттерді өз бойларыңа сіңіріп, Тәуелсіз еліміздің жарқын ұландары болуларыңа тілектеспін. Болашақ Сіздердің қолдарыңызда!
Бүгінгі ұлттық мереке құтты болсын! Еліміздің тәуелсіздігі мәңгілік, тұғыры биік болсын! Көк аспанның астында, көк туымыз желбіреп, әнұранымыз асқақтап, бейбітшілік бесігінде, бірлігі мен берекесі жарасқан қазағымның дарқан даласында, әні мен күйі күйі тербеткен еліміздің төрінде бақытты да қуанышты күндеріміз көп болсын!
Ізгі ниетпен мектеп директоры З.Қойшыбаева