Almaty region
Municipal public institution
"№29 орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » Almaty region білім басқармасының ұйымдастыруымен, 04.03.2024 ж күні Almaty region, Ili district№53 орта мектеп базасында «Ұлттық құндылықтар – ұлттық қазына» атты облыстық форум өткізілді.
04
March
2024

Almaty region білім басқармасының ұйымдастыруымен, 04.03.2024 ж күні Almaty region, Ili district№53 орта мектеп базасында «Ұлттық құндылықтар – ұлттық қазына» атты облыстық форум өткізілді.

Almaty region білім басқармасының ұйымдастыруымен, 04.03.2024 ж күні Almaty region, Ili district№53 орта мектеп базасында «Ұлттық құндылықтар – ұлттық қазына» атты облыстық форум өткізілді. Форумға облыстық білім басқармасының бас маманы Ізбасар Айжан Кәрібайқызы, әр аудандық, қалалық білім бөлімінің тәрбие саласына жетекшілік ететін әдіскерлер, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары   қатысты. Ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие жүйесіне енгізудегі табысқа жету жолын айқындау, тәжірибе алмасу, бірлескен жұмыс нәтижесін көрсету мақсатында ұйымдастырылған форумға  журналист тарихшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, актер Әсет Иманғали, «Іле таңы» газетінің тілшісі, аудандық «Әкелер мектебінің» төрағасы   Б. Чойбасов, «Іле таңы» аудандық қоғамдық келісімінің аналар кеңесінің төрағасы М. Жабиевалар қатысты.
Форум екі кезең бойынша атқарылды, І  бөлімінде  «Ұлттық мүдде: Кеше және бүгін» тақырыбында  журналист, тарихшы Жақсыбаев Жәлен Қазбекұлымен ашық алаң, «Ар-ұят:  Адамгершілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі» атты тақырыпта  актер Әсет Иманғалимен кездесу өтіліп,  «Талап: Талап, еңбек, терең ой...» тақырыбында зияткерлік ойын, жоба жұмысымен таныстырылды.  ІІ бөлімінде Абайдың «Табыс» траекториясы ашық алаңында атқарылған іс-шараар талқыланып, ой бөлісіп, тәжірибе алмасты.