1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні. Қазақстан халқы 1
1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні. Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күні. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Осы орайда мектебімізде сынып сағаттар және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.