Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№29 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.
31
март
2022

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.
🔊Ата - аналар назарына❗❗❗
⭕ Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
⭕ Ата - аналар мектепті алдын - ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.
Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.
Қандай құжаттар қажет?❗❗❗
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)
Балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы барлық сұрақтар бойынша жергілікті білім басқармаларына хабарласып, әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы өзекті ақпаратты білуге болады.
Біздің болжамымыз бойынша, биыл бірінші сыныпқа 400 мыңнан астам бала барады.
🔊 Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.