Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№29 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023 жылдың 15-25 қарашаға аралығында «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» республикалық онкүндік ұйымдастырылуда.
17
ноябрь
2023

2023 жылдың 15-25 қарашаға аралығында «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» республикалық онкүндік ұйымдастырылуда.

2023 жылдың 15-25 қарашаға аралығында «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» республикалық онкүндік ұйымдастырылуда.
*Республикалық онкүндіктің мақсаты:* мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың күш-жігерін балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарын аударуда біріктіру.
*Республикалық онкүндікті өткізудің өзектілігі:*
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне мемлекеттік органдарға, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарға ерекше назар аударудың дәлелі болып табылады.
1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы №836 (IX) қарар қабылдады және барлық елдерге Дүниежүзілік балалар күнін атап өтуге кеңес берді.
Бүкіл әлемде Дүниежүзілік балалар күні 20 қарашада атап өтіледі.
20 қараша күні кездейсоқ таңдалмады: 1959 жылы осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы «Балаларға бақытты балалық шақты қамтамасыз ету» мақсатымен Бала құқықтары туралы Декларация қабылдады.
Қазақстан Республикасы 1994 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Дүниежүзілік балалар күніне танымдық, тақырыптық, мәдени және спорттық іс-шаралар циклін орайластыру жоспарлануда.
#ұлттық#тәрбие